Роналдиньо карьерасын Мексида да жалғастыруы мүмкін
04.09.2014, 23:59
Жарнама
Жарнама
Бразилия ұлттық құрамасының бұрынғы шабуылшысы Роналдиньо футболдағы мансабын Мексика жерінде жалғастыруы мүмкін.
34- жастағы футболшыға Мехикодағы "Америка" футбол клубы ұсыныс жасады, деп хабарлайды Globoesporte.
Осыдан біраз күн бұрын бұл футболшы үнділік "Ченннай" футбол клубымен екі жылдық келісім- шартқа отырып, трансфер құны 4,6 миллиона евроға бағаланды деген ақпарат жалған болып шықты.
Айта кетейік, Роналдиньо соңғы рет «Атлетико Минейро» клубында өнер көрсеткен.
Дайындаған: Нұрахмет Ерден.