Жарнама
Жарнама

Рональдиньо үйқамақтан босатылды

25.08.2020, 19:13
Рональдиньо көктемнен бері үйқамақта отырған еді.
Жарнама
Жарнама

Парагвай соты Бразилия ұлттық құрамасының футболшысы Роналдиньоны үйқамақтан босатты.

Роналдиньо мен оның ағасы 7 наурыз күні Асунсьон әуежайында жалған төлқұжат көрсеткені үшін қамауға алынған болатын. 9 сәуірде Роналдиньо мен оның ағасы Роберто де Ассис Муарир Парагвай түрмесінен 1,6 миллион доллар беріп, кепілдікпен босатылғандары белгілі болды.

Парагвай соты Роналдиньо мен ағасын үйқамақтан босату жайлы шешім қабылдап, екеуіне 200 мың доллар көлемінде айыппұл салуды жөн деп көріпті.

Роналдиньо ойын мансабын 2018 жылы 16 қаңтарда ресми түрде аяқтаған еді. Бразилиялық футболшының соңғы клубы «Флуминенсе» болды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров