«Алтын доптың» екі дүркін иегері бразилиялық Роналдо кәсіпқой футболшы мансабын жалғастыратын болды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
28 жастағы бразилиялық америкалық екінші дивизионда өнер көрсететін «Форт-Лодердейл Страйкерс» сапында ойнайтын болды.
«Қайта алаңға оралатынымды айтқан болатынмын, бірақ қазір емес, АҚШ екінші дивизионының плэй-офф кезеңінде», - деді Роналдо.
Естеріңізге сала кетсек, Роналдо «Барселона», «Интер», «Реал», «Милан» секілді клубтарда ойнаған. Форвард 2011 жылы бразилиялық «Коринтианс» сапында мансабын аяқтады.
«PROСПОРТ» порталынан