Жарнама
Жарнама

Роналдоның Роналдуға қарсы жалғыз матчы

Сол кездегі аңыз қазіргі аңызға қарсы
Жарнама
Жарнама

Криштиану Роналду мен Роналдо әр түрлі дәуірдегі адамдар, дегенмен бразилиялық португалиялықтан небәрі 8 жас үлкен. Қазір Роналдо "Вальядолидті" басқарып отыр, ал Криштиану «Ювентуста» ойнайды - олар әлі тоқтаған жоқ. Ал ресми матчтарда олар ешқашан бір-біріне қарсы ойнамаған.

Қараңыз: 2002-2003 жылдары Криш «Спортингте», ал Роналдо «Реал Мадридте» жарқырап тұрды. Содан кейін Роналду «Манчестер Юнайтедке» ауысты, 2009 жылы «Реал Мадридке» өтті, ал бразилиялық сол уақытта «Миланға» ауысқан еді. (2007 жылы). 4 жылдан кейін ол Бразилиядағы мансабын аяқтады.

Осы уақыт ішінде Португалия мен Бразилия бір-бірімен екі рет жолдастық кездесу өткізді. 2007 жылы Лондонда Португалия 2:0 есебімен жеңді, Криштиану негізгі құрамда болды, бірақ Роналдо бұл матчқа қатыспады. Ал бір жылдан кейін Бразилия тағы да Португалиямен жолдастық кездесу өткізіп 6:2 есебімен бразилиялықтар жеңіске жеткен болатын.

Бірақ бәрібір Роналдо Роналдуға қарсы бір матч өткізген екен - 2005 жылы Луиш Фигу ұйымдастырған қайырымдылық матчында. Ойын Алгарвада өтті. 25 мың көрермен жиналды, бразилиялық Роналдо Фигудың командасында ойнады, ал сол кездегі жас талант Криш оған қарсы ойнады.

Алаңда өткізген жарты сағат ішінде ол бірнеше әдемі финттер көрсетті. Сосын ол ауыстырылды - бұл жолдастық кездесу болатын.

Айтпақшы, ойын командалардың бірінің жеңісімен аяқталды. Негізі, мұндай жолдастық кездесулер көбінесе тең есеппен аяқталатын еді. Алаңда аңыздардың барлығы дерлік болды - Роналду да, Роналдо мен Фигу да, Роберто Карлос, Алан Смит, Лукас Радебе, тіпті, Абель Шавьер де. Ал Фигудың командасын Бобби Робсон жаттықтырды.

Кейінірек, Роналдо мен Роналду тағы да кездесті, ол кезде бразилиялық "Реал Мадридтің" елшісі болатын, ал Криштиану әлі «Ювентусқа» көшкен жоқ еді.

"Біз бір-бірімізден ұстанымымыз және түсінік бойынша ерекшеленеміз. Қазір Криштиану орталыққа жақын ойнап тұрса да, ол мен сияқты емес, гол соғуы да әр түрлі. Тіпті, біздің мақсатымыз бірдей болса да. Бірақ, әрине, біздің гол соғуға деген талпынысымыз бірдей. Криштиану 33 жасқа дейін осындай керемет формада ойнауы кездейсоқтық емес", - деп түсіндірді бразилиялық.

"Көптеген ойыншылар өздерінің дене бітімін жақсартуды қалайды. Менің Роналдумен жұмысқа деген көзқарасымыз әртүрлі деп айта алмаймын, бірақ, әрине, өзгешелік бар. Мен жаттықтым, өйткені маған жаттығу керек болды, ол да жаттығу жасады, өйткені ол оған ұнайды".

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров