Жарнама
Жарнама

Роналду 2013 жылдан бері алғаш рет финалда ұтылды

23.12.2019, 20:50
Жарнама
Жарнама

Италия Суперкубогінің финалында «Ювентус» пен «Лацио» кездесіп, ойын 1:3 есебімен Рим ұжымының пайдасына аяқталды.

Бұл «қарт сеньора» шабуылшысы Криштиану Роналду үшін 2013 жылдан бергі финалдағы алғашқы жеңіліс деп хабарлайды Football Italia. Португалдық ойыншы «Реал» сапында 2013 жылы 17 мамырда Испания Кубогі үшін Мадридтің «Атлетикосына» 1:2 ұтылғаннан кейін осы уақытқа дейін 12 финалдық ойында жеңіліп көрмеген.

Айта кетейік, Роналду 2018 жылы жазда «Ювентус» сапына ауысқан еді. Жалпы Турин ұжымында бір финалдық матчқа қатысып, 2019 жылы ақпанда «Миланнан» басым түскен болатын. Сол кездесуде Криштиану жеңіс голын салған-ды.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров