Жарнама
Жарнама

Роналду бағындырған кезекті ерекше жетістік

20.01.2020, 18:09
Жарнама
Жарнама

А сериясының 20-туры аясында «Ювентус» өз алаңында «Парманы» қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Португалиялық сұрмерген Криштинау Роналду дубль жасап (43 пен 58 минутта), командасына жеңіс алып келді.
Турин ұжымы 51 ұпай жинап, көш басында қалса, «Парма» 28 ұпаймен 7-сатыда келеді.
Роналду кешегі ойында «Ювентус» жейдесінде 15 жылдан бері А сериясында 7 ойын қатарынан гол салған тұңғыш ойыншы атанды.

Соңғы рет бұл көрсеткішті Италия біріншілігінде 9 матчта доп салған Давид Трезеге тіркеген еді. Сонымен қоса, 14 жыл бойы Еуропада бір маусымда 15 гол салған шабуылшы атанды.
Opta Sports хабарлауынша, Роналду 2006-2007 жылдан бері клубтық деңгейде 414 гол тоғытқан.

Айта кетейік, «Ювентус» КриРОны 2018 жылы «Реал» сапынан 112 млн. еуроға сатып алған еді. Биылғы маусымда 34 жастағы сұрмерген Италия чемпионатында 17 ойында 15 гол салып, 2 нәтижелі пас берген.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров