Жарнама
Жарнама

Роналду финалда жеңілді

Италия кубогының финалында «Ювентус» «Наполиге» жеңілді.
Жарнама
Жарнама

Ойын өте нашар, сүреңсіз өтті. Екі команданың да ойыны керемет болды деп айта алмаймыз. Бірінші таймда Роналдуда гол салатын бір мүмкіндік болды. Дибала әдемі пас шығарған еді, қақпашы Мерет атып шығып, допты алып қойды. Ал матч соңында "Наполи" гол салатын жалғыз мүмкіндігін мүлт жіберді. Элмас тепкен доп қақпа бағанасына тиді. Бір біріне пас беріп, қорғанысты арлы-берлі жүгірткеннен басөа өзге ештеңе орын алмады. Бұл матчқа жанкүйерлердің кірмегені де дұрыс болды ма деп ойлаймыз.

Ал ойын соңынан кейінгі пенальтилер сериясында "Ювентус" қатарынан екі пенальти соға алмады. Сонымен "Наполи" Италия кубогының иегері. Гаттузоның Неаполь қаласының командасын баптағалы бергі алғашқы трофейі. Матчтан кейін Неаполь қаласында Криштианудың суреті бейнеленген табытты көтерген фанаттардың фотосы ғаламторға шықты. Осы аптаның соңы Италия біріншілігі қайта жалғасады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров