Bloomberg басылымы әйгілі аяқдопшының табысын есептеп көріпті.
Нәтижесінде “Аль-Наср” футболшысының байлығы 1,4 млрд долларға бағаланып отыр екен.
Еске салсақ, 40 жастағы шабуылшы саудиялық клубпен маусым айында 400 млн доллардың келісім шартына отырған болатын.
Футболшы командадағы табысынан бөлек, Nike, Armani және Castrol брендінен 18 млн доллар ақша табуда. Соның арқасында Криро табыс көзің аз ғана уақыт ішінде 175 млн долларға жеткізді. “Аль-Насрға” ауысққаннан кейін португалдықтың қалтасына жылына 200 млн доллар және 30 млн доллар бонус ретінде түсіп тұрады екен.
Айта кетейік, Криштиану Аль-Наср сапында жүріп осы маусымда 6 матч өткізіп, 5 гол соқты.
Біздің серіктес: FONBET