Жарнама
Жарнама

Роналду ғаламат рекорд жасады

21.07.2020, 16:21
Енді бұл рекордтың жаңарғанын көру үшін бізге ұзақ күтуге тура келеді.
Жарнама
Жарнама

«Ювентус» футбол клубының 35 жастағы шабуылшысы Криштиану Роналду А сериясының 34-ші турында «Лациоға» қарсы матчта (2:1) тарихи жетістікке қол жеткізді.

"Лациоға" қарсы екі голмен көзге түскен Роналду қазір Еуропаның Топ-5 лигасының үшеуінде - А сериясында «Ювентус», Ла Лигада «Реал Мадрид» және Англия Премьер-Лигасында «Манчестер Юнайтед» жейдесінде 50 голдан соғып шыққан алғашқы футболшы атанды.

Роналду «Ювентусқа» 2018 жылдың жазында «Реал Мадридтен» келген еді. Трансфер құны 117 миллион еуроны құрады. Осы маусымда 35 жастағы шабуылшы Италия чемпионатының 30 матчына қатысты (барлығы бірінші құрамда), 30 гол соқты (пенальтиден 12), сонымен қатар 6 нәтижелі пас берді. Ойыншының клубпен келісімшарты 2022 жылдың жазына дейін жарамды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров