Жарнама
Жарнама

Роналду ғашық болған қыз

26.09.2018, 05:16
Жарнама
Жарнама
Джорджиня танымал спортшылардың жанынан көруге үйренгендей модель де, әнші де, актриса да емес, жәй ғана футболшының анасына ұнаған қарапайым қыз. Халқының саны он үш мыңнан сәл ғана асатын Испанияның Хака қалашығының тұрғыны.  «Gucci» дүкенінде қарапайым сатушы қыз болып жұмыс істеген. Дәл осы жұмыс орны өз тағдырын кездестіруге себепші болды. Себебі ол қарапайым сатушы бола тұра сән көрсетілімінде және вип бөлмесінде Криштиано Роналдоны кездестірді. Сол кездесуден кейін Джорджиняның өмірі күрт өзгерді. Ең қызығы Джорджиняның әлемнің танымал футболшысымен болған қарым-қатнасынан кейін футбол жанкүйерлері оның жұмыс орнын қоршап алды. Қанша тығылса да бұл жұп ара-қатынасын жасыра алмады. Криштиано Роналдоның бірнеше жасанды шаш  немесе көзілдірік киіп қызбен көрінген суреттері әлеуметтік желіде тарады. Сол кезде суреттерге байланысты көптеген сұрақтар туындай бастады. Бірақ барлық сұрақтардың шешімі португалиялық футболшыны алтын добымен марапаттау кезінде айқындала түсті. Себебі Джорджиня мен Криштиано марапаттау кешіне жұп ретінде қатысты. Қазіргі таңда олардың әлеуметтік желідегі суреттеріне қарап жақсы қарым қатынаста екенін аңғаруға болады. Сонымен қатар Джорджиняның футболшының анасына ұнағанын аңғару қиын емес. Бұқаралық ақпарат құралдарының айтуынша бұл жұптың тойы биылғы жылы болуы тиіс екен.

                                                                                                   Айгерім Серікқызы

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров