Жарнама
Жарнама

Роналду мен Алонсо салықтан қашып, сотты болды

28.01.2019, 03:31
Жарнама
Жарнама
Португалиялық футболшы Криштиану Роналдудың басынан дау кетпеді. Бұл жолы оған испаниялық сот айып тақты. Футболшы Мадридтің «Реалында» жүргенде табыс салығынан жалтарып, қитұрқы әрекеттерге барған. Роналду қателігін мойындап, тергеушілермен келісімге келді. Енді ол испан қазынасына 19 млн еуро айыппұл төлейді. Сот шешімінен кейін Роналду жұбайы Джорджина Родригеспен қол ұстасып, неке қию залынан шыққандай көңілді шықты. Тіпті тосып тұрған көпшілікке қолтаңба да қалдырды. 33 жастағы футболшы айыппұлды төлеуге келіскен соң, шартты түрде жазаға кесілді. Роналду жасырын жолмен кетуге өтініш айтқан еді. Бірақ сот оған рұқсат бермеді. Сондықтан футболшы көпшіліктің көз алдында соттан шықты. 2017-ші жылы Португалиялық ойыншы өзіне тағылған айыптарды мойындаған жоқ. Оған 2011-2014-ші жылдары жеке жарнамалық табыстарды жасыру үшін офшорлық компанияларды пайдаланды деп айып тағылған еді. Испаниялық сот Мадрид «Реалының» тағы бір футболшысы Хаби Алансоның да ісін тоқтатты. Бір жыл бұрын спорттық мансабына нүкте қойған ойыншыға прокурорлар салық көлемін азайтты деп айып таққан болатын. Олар Алонсоға бес жыл жаза мерзімін сұрап, 4 миллион еуро айыппұл салуды талап еткенді.

Хаби АЛОНСО – бұрынғы футболшы

Мен барлығын дұрыс істедім деп ойлаймын. Іс қозғалғаннан бастап, тергеушілермен қарым-қатынаста болдым. Және ештеңе жасырған жоқпын. Сотқа деген құрметім жоғары. Сондықтан әділ шешім күтемін. Соңына дейін өзімді қорғаймын. 

Спорттық мансабында «Реалдан» бөлек, «Ливерпуль» мен «Баварияда» доп тепкен футболшы тілшілерге заң бұзбағанын мәлімдеді.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров