Жарнама
Жарнама

“Роналду мен Месси қатардан шығып қалған….”

09.04.2025, 22:00

Бразилияның аңызға айналған футболшысы, шеберлігімен әлемді тамсандырған, әлем чемпионы Роналдиньо соңғы жылдардағы “Алтын доп” жүлдесі үшін бәсеке жайлы ойын бөлісті.

“Роналду мен Месси қатардан шығып қалған….”
Жарнама
Жарнама

"Уақыт қалай зымырап өтіп жатыр десеңші. Мен бұл марапатты иеленгеніме де жиырма жылға жуықтапты. “Алтын доп” — ешқашан ұмытылмайтын марапат. Бразилиядағы әрбір баланың арманы — әлем чемпионы болу. Ал “Алтын допты” қолыңа алуғанда бір сәтте өзіңді галактикада жүргендей сезінесің.

Мен бұл марапатты жеңіп алған футболшыларға табынып, оларды көріп өстім. Шынымды айтсам, мен армандағанның бәріне қол жеткіздім, мүмкін болған барлық кубокты иелендім." — деді ол.

Сол сәтте журналист Роналдиньодан 2025 жылғы “Алтын допты” кім алады деп сұрайды.

"Маған ойыны ұнайтын көптеген футболшылар бар. Кейбірі маған ұқсайды, кейбірі мүлде өзгеше. Бірақ бұрынғыдай ерекше атап көрсетер ойыншы азайған. Лионель Месси мен Криштиану Роналду бұл жүлде үшін бәсекеден шығып қалған Сондықтан қазір “Алтын допқа” талас бұрынғыдан да тартысты болып отыр.” — деді Роналдиньо.

                                           Өнер Айболат

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров