Жарнама
Жарнама

Роналду мен Месси Қазақстанда туғанда таланттары табысқа ұласар ма еді

01.05.2017, 05:56
Жарнама
Жарнама
“роналду и месси”的图片搜索结果 Криштиану Роналду мықты ма, әлде Лионель Месси мықты ма? Осы сұрақ бүгінде әлем футбол жанкүйерлерін екі үйекке бөліп тастағандай. Қос алыптың қайсысы үздік екені жөнінде пікір білдіруден Қазақ жанкүйерлері де ешқашан ерінген емес. Бір анығы екеуі де өте талантты, өте танымал футболшылар. Бірақ олардың бала күні дәл бүгінгідей бақытты өтті дей алмаймыз. Табысқа жету жолдары да даңғыл болған жоқ. екеуін табысқа жетелеген біріншіден өз таланттары болса; екінші жағынан туып-өскен елдері екені сөзсіз. Себебі, Португалия да, Аргентина да дәстүрлі футбол державасы саналады. Ендеше, сол Роналду мен Месси футболы нашар дамыған біздің елде, Қазақстанда, дүниеге келгенде жағдай қалай болар еді? Олар тек таланттарына сүйеніп әлемнің ең үздік футболшысы деңгейіне жете аларма еді? Болашақ жұлдыздардың балалық шағы бай-бақауатты өтпегені жайлы айттық. Мессидің балалық шағы Аргентинаның экономикалық дағдарыс дәуіріне тура келді. Соған байланысты семиялық жағдайы жақсы болған жоқ. Ал Роналду мүлде кедей отбасында дүниеге келген. Әкесі қарапайым жұмысшы, шешесі тазалықшы болатын. Тіпті Криштианудың өзі де бала күнінде көше сыпырған кездері болған. Енді елестете беріңіз, біздің елде көше тазалап жүрген кедей бала болашақ футбол жұлдызына айнала ала ма? “роналду в детстве”的图片搜索结果 Барша жанкүйер қауым білетіндей, бала күнінде Мессидің денсаулығы өте әлжуаз болған. Өсу гормоны тосқындыққа ұшырағандықтан 11 жасында өсіп-жетілуі қатты баяулаған. Тіпті, бойы 1,4 метр көлемінде қалып кету қаупы де туындаған. Оның ай сайынғы емделу қаражатын семиясы түгіл өз еліндегі “Ньюэллс Олд Бойз”, “ Ривер Плейт” сынды клубтардың да қалтасы көтере бермейтін. Бақытына орай ол “Барселонаның” көзіне шалынды. Каталондық клуб оны емдетіп ғана қоймай, футбол ойнауына тамаша жағдай жасап берді. “месси в детстве”的图片搜索结果 Роналдудың жағдайы мүлде керісінше болды. Бойы тым тез биіктеп кеткендіктен бапкерлері оның қимылы қолапайсыз болып кетуінен алаңдап, оны командадан шығарып тастауды ойластырған кездері болған. Одан да қауіптісі ол жүрегінің әлсіздігінен 15 жасында-ақ футболға хош айта жаздаған. Деседе, дер кезінде “Спортинг Лиссабон” командасының назарына ілікті, осылайша үлкен футболға сара жол салынған болатын. Ал енді Қазақстанда, дәл осындай отбасында дүниеге келген талантты балалардың табысқа жете қоюы өте қиын. (Басқы екеуінікіндей денсаулық жағдайын сөз етпей-ақ қояйық). Спортпен айналысу сөзсіз ақша жұмсауды талап етеді. Экономикалық жағдайы онсызда төмен отбасылар үшін баласының спорттық киімдерін түгендеп берудің өзі оңайға түспесі анық. Оған енді футбол орталықтарына жазылу үшін төленетін қаржыны қосыңыз. Осыдан барып ең талантты деген балалардың өзі әрі кетсе ауыл аралық футбол жарыстарына қатысумен шектеліп жатады. Одан да өкініштісі біздің елде доп қуалап сол ауылдық, обылыстық жарыстарға қатысатын жастардың өзі санаулы. Оңтүстік Америкада екі аяғы сау баланың бәрі доп тебеді, біздің ауылдарда шындап доп тебетін баланың саны екеу-үшеу ғана. Біздің елде көп ата-ана нұрлы болашаққа жетудің жалғыз жолы - жақсы оқып мемілекеттік қызыметке отыру деп есептейді. Баласының кәсіптік футболшы болуы жайлы ойлап да көрмеген.  Бұған себеп футболдан ұлттық құрамамыздың жеткен жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай емес. Оның үстіне касіпқой футбол лигаларымыз айналасында өріп жүрген түрлі қауесеттердің өзі жан шошытады. “Командаға қабылдау үшін пара алады”, “Ақшаң, танысың болмаса еш командаға кіре алмайсың”, немесе, “Ақша төлеп жасын жасырады, өзгертеді” деген секілді әңгімелер қарапайым Қазақ қауымын футболдың маңын баса алмайтындай етіп қорқытып тастаған. Осыдан барып амалы құрыған ата-ана баласының құлағын бұрап оқуға жегеді. Баламыз оқу оқып, қызыметке тұрғанда ғана кедей күндеріміз келмеске кетеді деп үміттенеді. Қазақ жерінде туылғанда Роналду, Мессилер біздің елдің қалыптасқан дағдасын бұзып өте алар ма еді? “Жақсы өмірдің жалғыз жолы оқу” деген көзғарастан аттап өтіп, алаңсыз аладоп қуа алар ма еді? Мұғалымдердің бала тәрбиесінде ең жиі айтатын бір сөзі: “Футболды таста, футбол саған тамақ болмайды!”. Бұл сөзді мектепте жүріп доп ойнаған кез-келген баланың күнде еститіні сөзсіз. Әрине, мұғалымдердің бұл оң тәрбиесін жоққа шығарудан аулақпыз, әр оқушы мектепте бар ынтасымен білім алуға міндетті. Дегенмен, айта кетерлік бір қызық, дәл осы сөзді кішкентай кезінде Криштиану да көп естіген екен. “Футбол сенің өміріңе еш жақсылық әкелмейді”-деп Роналдуды сынаған ұстазының сөзі де шәкіртінің болашағынан алаңдағанынан айтылғаны сөзсіз. Бірақ, дәл сол түк бермейді деген футбол Криштиануға бәрін берді. Лионель Мессидің де балалық шағынан бір қызық айтайық, бұл енді оның алғашқы бапкері Апарисионың болашақ бес дүркін “Алтын доп” иегерін қалай жолықтырғаны жайлы әңгімесі. Апарисио бапкер бірде жастары жаңа беске толған жеті баланы футолға баулып жатады. Кіші-гірім жарыс ұйымдастырайын десе бір адам жетпейді, ол амалсыз бір шетте добын там қабырғасында теуіп тұрған баланы өз қатарларына қосып алады. Ал ол бала Месси болатын. Дәл сол кезде төрт жасар бүлдіршіннің өнеріне өзін қалай тәнті еткенін ол кісі әлі күнге дейін жыр етіп айтып жүретін көрінеді. Біздің елде де Мессидей талантты бір баланың бар болуы мүмкін. Тіпті, оның да дәл осындай кездейсоқ жағдайдан бір бапкердің көзіне түсуі де ғажап емес. Одан да әрі асып бір команданың жастар академиясына ілігуі, тіпті, сол команданың негізгі құрамында доп тебу мүмкіндігін де жоққа шығармаймыз. Бірақ, өкініштісі Қазақ даласында доп теуіп жүрген сол талантты жеткіншекті каталондық “La Masia” скауттарының байқауы мүмкін емес. Өйткені Еуропаның алпауыт командаларының Қазақ жеріне келіп таланттарды іздей қоюы екіталай. Жаңағы жеткіншек ержетіп кәсіптік футболшы болды делік, премьер лигамыздағы бір команданың негізгі құрамында доп теуіп жүрсін. Сонда да оның әлемнің үздік футболшысына айналуы мүмкін емес. Себебі, Қазақстан премьер лигасында бәсекелестік аз, дарынды футболшылар мен даңықты бапкерлер санаулы ғана. Қанша талантты футболшы болсада еліміз премьер лигасында бес жыл, он жыл ойнасада әлем футболын селк еткізе алмасы сөзсіз. Тіпті еліміздің ең үздік командасының сапында жүрседе. Өйткені біздің жоғары лигамыздың деңгейі әлі төмен, Еуропаның назарын аударатын дәрежеде емес. Еуропа асып өнер көрсетуге әлі еш бір футболшымыздың қауқары жетпегені бәрімізне белгілі. Биыл ғана премьер лигамыздан бір футболшы Испан Ла лигасына өтті деп қуанып жатырмыз. Оның өзі қазақстандық емес, сербиялық Неманья Максимович. Демек, қанша талантты футболшы болса да Қазақстанда туылып, Қазақстан премьер лигасында өнер көрсетіп әлемнің үздік ойыншысы деңгейіне көтерілуі мүмкін емес. Роналду мен Мессидей болу жайлы айтудың өзі артық. Елімізде Криштиану Роналду мен Лионель Мессидің жоқ екенін білеміз. Бірақ, солардай таланттардың бары сөзсіз.  

Қуаныш ҚАППАС

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров