Жарнама
Жарнама

Роналду «ПСЖ» сапына ауысқысы келіп отыр

10.08.2020, 17:49
Роналду Чемпиондар Лигасын жеңгісі келіп жүр. Ал Андреа Пирло командасының келесі жылы бұл турнирде топ жаруы қиын.
Жарнама
Жарнама

"Ювентус" командасының шабуылшысы Криштиану Роналду "ПСЖ" сапына ауысқысы келіп отыр, деп жазады Bleacherreport.com порталы. 

Негізі мұндай ақпаратты өткен аптада France Football басылымы жазған еді. Ол материалда Роналдудың команданың қазіргі жағдайына көңілі толмайтыны айтылған. 

Бірақ команда тізгінін Андреа Пирло ұстағаннан кейін, жағдай өзгеруі мүмкін. Қазір Роналду қайта ойланып жатыр екен. 

Бірақ, оның агенті Жорже Мендес Чемпиондар лигасының матчтары өтетін Португалияда "ПСЖ" басшыларымен сөйлесіп көрмек. Әңгіме барысында агент франциялық клубтың қанша жалақы және қанша жылға келісімшарт беретінін анықтайтын болады. 

Айта кетейік, Роналдудың "Ювенус" клубымен 2022 жылғы маусымның соңына дейін келісімшарты бар. Биыл ол Италия біріншілігінде 33 ойынға қатысып, 31 гол соқты. "Ювентус" болса Италия біріншілігінде тағы топ жарды. 

Бірақ оның командасы Чемпиондар лигасының ширек финалына шыға алмады. "Лионмен" өткен екі кездесудің қорытындысы 2-2. Бірақ сырт алаңда соғылған голдың арқасында "Лион" келесі кезеңге шығып кетті. 


Жарнама
Жарнама

Новости партнеров