| ҚАЗАҚСТАН ПРЕМЬЕР ЛИГАСЫ | ||
| Клубтар | Келді | Кетті |
| «ШАХТЕР» (Қарғанды) | Шабуылшы: И. Зенькович «Ақжайық» | Жартылай қорғаушы: Семлер (белгісіз). Шабуылшы: Тәжімбетов (Түркия) |
| «ЕРТІС» (Павлодар) | Қорғаушы: Қожабаев «Ордабасы» | Шабуылшылар: Ковель (белгісіз) Бақаев «Ақтөбе» |
| «ТАРАЗ» | Бас бапкерлер: Пайперс | |
| «ТОБЫЛ» (Қостанай) | Жартылай қорғаушы: Әлиев «Ордабасы» | Жартылай қорғаушы: Жұмасқалиев (Түркия) |
| «ОРДАБАСЫ» (Шымкент) | Шабуылшылар: Бабатунде, Чегалишвили жәнеде Мальцев. Жартылай қорғаушылар: Әлиев «Тобыл», Әшірбеков, Касьянов, Карпович «Қайрат». Қорғаушылар: Абулин және Қожабаев «Ертіс» | |
| «ҚАЙРАТ» (Алматы) | Жартылай қорғаушылар: Көкеев «Шахтер» жәнеде Карпович «Ордабасы». Қорғаушы: Сымақов «Ризеспор». Қақпашы: Лория «Ризеспор» (суретте). | Жартылай қорғаушылар: Вяткин Қорғаушы: Рабаналь. |
| «АТЫРАУ» | Жалмағамбетов (белгісіз) | |
| ЕСКЕРТУ: Орын алған ауысымдар қою әріптермен берілген. Қалғандары тек мүмкін. | ||
«Монако» күнде бір ойыншыға ұсыныс тастамаса, «Монако» емес. Бүгін франциялық клуб Джон Териге ұсыныс тастады. Терриді 150 мың фунтқа сатып алмақ. Ендігі бар мәселе «Челси» мен Терридің келісімі.
«Арсенал» футбол клубының ойыншысы Лоран Косьельни клубтан кету үшін барын салып жатыр. Осы бір жаңалық құлақтарына жеткен «Бавариялықтар» французды өз қатарларына қосып алмақ ниетте.
Патрис Эвра «Монакоға» қайтып оралуы мүмкін. Себепте табылғандай. «Манчестер Юнайтед» қатарына «Эвертон» ойыншысы Лейтон Бэйнсті қосатын болса, онда «Монакоға» қайтып бармақ.
«Реал Мадрид» футбол клубының жартылай қорғаушысы германиялық Месут Өзілдің түр-сипаты бейнеленген, жейде киген қалпындағы бейнесі мұражайға қойылды (суретте). Әйгілі мадам Тюссо мұражайынан орын алды.
«Манчестер Сити» клубы украиналық «Шахтердің» намысын қорғап жүрген Фернандиньомен келісімге келмек. Бастапқы сома 42,5 миллион фунт.
«Реалдың» белгілі сұрмергені Криштиану Роналду, клубпен арадағы келісім-шарт мерзімін ұзартудан бас тартты. «Корольдік» клуб сыйақы есебінде, үстемелеп айлық беретін де болды. Бірақ Роналду бәрінен бас тартып отыр. Португалиялық ойыншының Мадридтен кетпек ойы бар.
27 жастағы «Валенсия» футбол командасының ойыншысы Әділ Рами жақын күндері «Барселонамен» келісімге келмек. Әзірге Әділ Рами үшін «каталондық» клуб 10 миллион еуро ұсынып отыр.
«Наполи» командасы өзінің сапына ойыншылар қоспақ. Әсіресе шабуылшы керек. Кавани кетсе, орынын сақтап қалатындай мықты футболшы қажет. Бірінші көзге түскен ойыншылар Марио Гомес жәнеде Эдин Джеко. Бенитес бапкердің бағытын әзірге ешкім түсіне алар емес.Біздің серіктес: FONBET