Жарнама
Жарнама

Роналду рекордты жаңартты

22.05.2011, 19:09
Жарнама
Жарнама
21 мамыр. Мадрид. Стадион "Сантьяго Бернабеу". Судья - Иглесиас Вильянуэва (Пуэнтедеуме).
РЕАЛ МАДРИД - АЛЬМЕРИЯ - 8:1 (2:1)
Криштиану Роналду, 4 (1:0). Адебайор, 31 (2:0). Уче, 33 (2:1). Бензема, 48 (3:1). Адебайор, 52 (4:1). Бензема, 63 (5:1). Адебайор, 73 (6:1). Криштиану Роналду, 77 (7:1). Хоселу, 87 (8:1).
Реал Мадрид Альмерия
Ежи Дудек, 78 Эстебан
Серхио Рамос Хуанма Ортис
Рауль Альбиоль Марсело Сильва
Пепе Эрнан Пельерано
Альваро Арбелоа Карлос Гарсия
Криштиану Роналду Антонио Луна
Хаби Алонсо Пабло Пьятти
Месут Ёзил Эрнан Бернандельо
Кака, 61 Мигель Анхель Корона
Карим Бензема, 85 Альберт Крусат, 61
Эммануэль Адебайор Калу Уче, 81
Замены:
Эстебан Гранеро, 61 Фабиан Варгас, 61
Хесус, 78 Хенок Гойтом, 81
Хоселу, 85
Наказания:
Хаби Алонсо, 50 Хуанма Ортис, 64
21 мамыр МАЛАГАБАРСЕЛОНА 1:3 (1:1)
21 мамыр РЕАЛ МАДРИДАЛЬМЕРИЯ 8:1 (2:1)
21 мамыр ЭРКУЛЕССПОРТИНГ 0:0 (0:0)
21 мамыр ДЕПОРТИВОВАЛЕНСИЯ 0:2 (0:1)
21 мамыр МАЛЬОРКААТЛЕТИКО 3:4 (0:2)
21 мамыр ЛЕВАНТЕСАРАГОСА 1:2 (0:1)
21 мамыр ЭСПАНЬОЛСЕВИЛЬЯ 2:3 (0:2)
21 мамыр РЕАЛ СОСЬЕДАДХЕТАФЕ 1:1 (0:1)
21 мамыр ОСАСУНАВИЛЬЯРРЕАЛ 1:0 (1:0)
21 мамыр РАСИНГАТЛЕТИК 1:2 (0:2)
Испан премерасыныдағы соңғы тур өзіндік қызықтарға толы болды. «Реал» мен «Альмирия» арасындағы кездесуде Криштиану Роналду біріншіліктегі 40-голын соғып мергендер рекордын жаңартты. Оған қоса мадриттіктер жанкүйерлерінің алдында маусымды керемет футбол спектакілімен аяқтағысы келгендігі анық. Карольдік клуб Испания чемпионатандағы ең көп гол салған командалардың басында тұр. Барселонаға есе жіберіп алғандығы болмаса биылғы маусым Жозе Мауриньо командасына едәуір сәтті аяқталды деуге негіз бар. Біреу келісер біреу келіспес бірақ мадриттіктердің осы буыны кейінгі жылдардағы ең адуындысы   болып тұр. Біріншіліктің соңғы кездесулері қашанда тартыстарға толы әрі тосын нәтижелерге толы болатыны белгілі. Бірінші таимның аяқталуына шамалы уақыт қалғанда мадриттіктер екі доп айырмасымен алда тұрған болатын. Алайда ойынның біріші жартысына дейін Уче өз командасына аз да болса үміт сыйлап Ежи Дудек қорғаған қақпаға гол соғып үлгерді. Бірнші тайм нәтижесі 2-1 реалдың пайдасында. Ал ойынның екінші жартысын корольдік клуб толықтай өз тізгінінде ұстады. Оқша жауған голдан «Альмирияның» жігері құм болды. Бір тайм ішінде қарсылас қақпасына алты гол тоғытқан мадриттіктер биылғы маусымның есігін тарс жапты. «Альмирия» қақапасына екі гол салған Криштианудың төбесі көкке бір елі жетпеді. Ла Лиганың ең үздік мергені бұл бәсекеде Сарра мен Уго Санчестен басым түскен екен. Португалиялық ойыншы соңғы турда ең үздік сүрмергенге берілетін «Пичичи» жүлдесіне қол жеткізді. Әрине төрт кездесуде 11 гол салғанды шебер демей не дейміз(«Севилья» төрт доп, үш доп «Хетафе», «Вильярреал» мен «Альмирия» қақпасына қос голдан ). Оған қоса Роналду еуропа чемпионаттарының ішіндегі ең көп гол ұрған футболшыға табысталатын «Алтын бутсы» иегері атанды. Біріншіліктің соңғы туры алдында мергендер көшін бастап тұрған Уго Санчес пен Криштиану Роналдуды БАҚ өкілдері баспасөз маслихатына шақырып аз кем әңгімеге тартқан екен. «Біз «Альмирия» қақпасына қанша гол салатынымызды білмейміз. Бірақ мен үшін Уго мен Сарро сынды шеберлермен мергендер сайсында тең тұрғаным үшін қуаныштымын. Бірінші кезекте осындай нәтижеге жетелеп маған қолдау көрсеткенг командама алғысым шексіз»,- деді ағынан жарылған Роналду. Талантты футболшының осы маусымда жеткен жетістіктері шынымен фантастикалық десек қателеспейміз. 54 кездесуде 53 гол. Орташа есеппен алғанда әр кездесуде 0,98 гол. Ал өз кезегінде сөз алған Уго Санчес Криштианудың спринтерлік жылдамдығын ерекше атап өтті. «Менің бір таң қалғаным маусымның аяқталуна бір ай қалғанда Роналду рекордқа тоғыз доп жетпей тұрған, бірақ екі турда жеті допты қақпада тулату меніңше керемет жетістік. Егер алдағы уақытты Роналду менің нәтижемді басып озса мен бірінші болып құттықтаймын деді»,- Уго Санчес. Ия осындай футболшылар  арасындағы сыйластық қарым қатынас өте маңызды. Өсіп келе жатқан жас футболшыларға бірінші кезекте адамгершілік пен ақыл тоқтата білу маңыздырақ сияқты. Өйткені кейінгі кездері футбол мерекесінің аяғы жаға жыртысқа ұласып кететінін де көп байқап жүрміз. Әлемдік футболдың қазіргі жұлдызы Криштиану Роналдудың жеткен жетістігі жастарға үлгі боларлықтай. Ендігі кезекте Испан премерасындағы өзге де кездесулер нәтижесімен таныс болыңыздар. Чемпиондықты  біріншілік аяқталмай жатып тойлатқан Барселона сырт алаңда Малаганы қосалқы құраммен 1-3 жеңіп кетті. Елдос Қамбалиев
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров