Сауд Арабия лигасында "Әл-Насрдың" көшбасшысы Криштиану Роналду тағы да өз шеберлігін дәлелдеді. Португалдық жұлдыз дубль жасап, қосымша минутта пенальтиден соққан голы командасына жеңіс әкелді. Нәтижесінде "Әл-Наср" "Әл-Файханы" 2:1 есебімен тізе бүктірді.
Бұлар Роналдудың мансабындағы 951 және 952-ші голдары болды.
Кездесу алаң иелері үшін бірінші таймда қиын болғанымен, Роналдудың тәжірибесі мен шешуші сәттегі суыққандылығы тағы да жеңісті қамтамасыз етті. Осы ойында “Әл-Наср” шабуылдағы шектеулі мүмкіндіктерін (xG — 0.71) тиімді пайдаланып, қарсылас "Аль-Файха" да (xG — 0.63) лайықты қарсылық көрсетті.
Роналдудың екі голы клуб тарихындағы ерекше белесті де айқындады — “Әл-Наср” Сауд Арабия лигасында қатарынан 60 ойын бойы гол соғып келеді. Бұл — 2011/12 маусымынан бергі ең үздік көрсеткіш.
Сол уақытта “Әл-Иттихад" та өз матчында керемет камбэк жасап, бір ұпай еншілегенімен, олардың соңғы төрт ойында жеңіске жете алмауы — клуб үшін 2024 жылдың көктемінен бергі ең ұзақ сәтсіз серия болып тіркелді.
Ал “Әл-Наср” осы жеңістен кейін турнир кестесіндегі бірінші орнын нықтай түсті, ал “Әл-Иттихад" сегізінші орынға түсіп, чемпиондық жарыстағы мүмкіндігін күрделендіріп алды.
Біздің серіктес: FONBET