Жарнама
Жарнама

Роналду соңғы 60 жылда болмаған көрсеткішке қол жеткізді

20.12.2020, 15:42
Роналду 2020 жылғы голдар саны бойынша Левандовскимен теңесті.
Жарнама
Жарнама

«Ювентус» клубының 35 жасар шабуылшысы Криштиану Роналду, А сериясының бір күнтізбелік жылында кем дегенде 32 гол соққан бес ойыншының бірі болды, деп жазды Opta Paolo. 1961 жылдан бері бұл көрсеткішке ешкім жете алмаған екен.

Күні кеше Роналду Италия чемпионатының 13-турында "Пармамен" ойнады. Португалиялық шабуылшы екі гол соқты. Жалпы осы жылы Роналду 33 рет қарсылас қақпашысын қапыда қалдырды.

Бұған дейін мұндай жетістікке төрт ойыншы ғана ие болған: Фелич Борель (41 гол, "Ювентус", 1933), Гуннар Нордал (36 гол, "Милан", 1950), Омар Сивори (33 гол, "Ювентус", 1961) және Иштван Ньерш (32 гол, "Интер", 1951).

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров