Жарнама
Жарнама

Роналду тарихи жетістікке қол жеткізбек

15.07.2020, 15:12
Рекорд жаңартудан шаршамайды.
Жарнама
Жарнама

«Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду тағы бір тарихи жетістікке жетуге жақын, деп хабарлайды Football Italia.

Дереккөздің хабарлауынша, Роналду Премьер-Лигада, Ла Лига мен А сериясында кем дегенде 50 гол соққан алғашқы ойыншы болуы мүмкін.

Еуропадағы бес лиганың үшеуінде кем дегенде 50 гол соққан алғашқы ойыншы Эдин Джеко болған еді. Ол Италия, Англия және Германия чемпионаттарында гол соқты.

Италия чемпионатының 32 турынан кейін «Ювентус» 76 ұпаймен көш бастап тұр. Келесі турда Турин клубы «Сассуоломен» кездеседі. Ойын бүгін, 15 шілдеде өтеді.

Роналду «Ювентусқа» 2018 жылдың жазында «Реал Мадридтен» ауысып келген болатын. Трансфер құны 117 миллион еуроны құрады.Осы маусымда 35 жастағы шабуылшы Италия чемпионатының 28 матчына қатысып (барлығы негізгі құрамда), 28 гол соқты (пенальтиден 11), сондай-ақ 5 нәтижелі пас берді. Ойыншының клубпен келісімшарты 2022 жылдың жазына дейін жарамды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров