Жарнама
Жарнама

Роналду тарихи жетістікке қол жеткізді

09.09.2020, 13:51
Криштиану кешегі матчта дубль жасаған болатын.
Жарнама
Жарнама

Португалия құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы топтық кезеңінің 2-турында Швеция құрамасын 2:0 есебімен жеңді.

Бірінші тайм түгесілер шағында «Ювентус» пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду есеп ашты. Бұл гол шабуылшы үшін ұлттық құрамадағы 100-ші гол болды. Осылайша, Роналду бұл көрсеткішке қол жеткізген екінші футболшы атанды. Алғаш болып ирандық футболшы Али Даеи ұлттық құрама сапында 100 гол соққан болатын.

Кездесуге Данни МакКели бастаған Нидерландыдан келген төрешілер тобы қызмет етті. Бас төрешіге Марио Дикс пен Хессел Стегстра көмектесті. Қосалқы төреші - Йохем Камфус.