Жарнама
Жарнама

Роналду «Ювентустың» бір ғасыр бойы сақталып келген рекордын жаңартты

08.08.2020, 15:20
Келесі маусымда дәл осы рекордты тағы да жаңартатын шығар. Әрине, жаңа бапкер келсе...
Жарнама
Жарнама

Туриндік «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду 2019/2020 маусымда 36 гол соқты.

Шабуылшы Чемпиондар лигасының 1/8 финалының «Лионмен» (2:1) болған жауапты матчында осы маусымдағы соңғы екі голын соқты. Осылайша Роналду бір маусымдағы голдар саны бойынша 94 жыл бойы сақталып келген клубтың рекордын жаңартты. «Ювентус» үшін бір маусымда соғылған голдардың алдыңғы рекорды Венгриялық Ференц Хирзерге тиесілі. Ол 1925/26 жылғы Италия чемпионатында 26 матчта 35 гол соққан.

Чемпиондар лигасының 1/8 финалының жауапты кездесуінде "Лион" матчтың 12-минутында есеп ашты, Мемфис Депай пенальтиді сәтті орындады. Бірінші таймның соңында Роналду да пенальти орындап, есепті теңестірді. 60-минутта Роналду 25 метрден соққы жасаған еді, доп "Лион" қақпасының торында тулады. Жеңіске қарамастан, «Ювентус» қонақтағы гол ережесінің арқасында Чемпиондар лигасының ширек финалына шыға алмады. Бірінші матчта «Лион» «Ювентусты» 1:0 есебімен жеңген еді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров