Жарнама
Жарнама

Роналдудың маңызды матчқа қатыспауы «Манчестер Юнайтедте» дүрбелең туғызды

07.03.2022, 18:16
Футболшы матч болатын күні Португалияға кетіп қалған.
Жарнама
Жарнама

«Манчестер Юнайтедтің» 37 жастағы португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду Англия чемпионатының 28-ші турында «Манчестер Ситимен» (1:4) болған матчқа қатыспай, әріптестері мен клуб басшылығын таң қалдырды. Бұл туралы The Athletic басылымы хабарлады.

Айта кетейік, Роналду Манчестер дербиіне қатыспайтыны белгілі болған сәтте Португалияға кеткен. Ол осы жылдың басында алған жарақатының қайтадан сыр бергенін хабарлады, сондықтан жексенбі күні өз еліне аттанды.

Негізінде жарақатты бар ойыншылардың матчтарға қатысуы талап етілмейді, бірақ «Манчестер Юнайтед» ойыншылары Роналдудың маңызды матчта стадионға келіп, қолдау көрсетпегені үшін ренжіп қалды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров