Жарнама
Жарнама

Роналдудың үйі тоналды. Қылмыскер болмашы зат ұрлаған

09.10.2020, 18:25
Қылмыскер Роналдудың берілген жанкүйері секілді.
Жарнама
Жарнама

«Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду ұрылардың құрбаны болды, деп хабарлайды dnoticias.pt.

Португалияның Мадейра аралындағы футбол жұлдызының үйіне белгісіз біреу кірген, ол кезде Роналду ұлттық құрама сапында Испанияға қарсы кездесу өткізіп жатқан еді.


Ұры үй қызметкерлерінің бірі гаражды ашқан кезде ішке кірген. Әрине, әлемдегі ең көп жалақы алатын спортшылардың бірі Роналдудың үйінен көп нәрсе ұрлануы мүмкін еді. Бірақ қарақшы тек 200 евроға бағаланған «Ювентустың» қолтаңбалы жейдесін және тағы бірнеше кішігірім затты ұрлаған екен. Осылайша ол камераға түсіп қалды. Полиция қазірдің өзінде күдікті адамды анықтап үлгерді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров