Жарнама
Жарнама

Роналдудың ұлы кімге жанкүйер екенін айтты

Бір қызығы бұл Криш емес.

Жарнама
Жарнама

КІШКЕНТАЙ РОНАЛДУ

Заманымыздың заңғар футболшысы Криштиану Роналду туралы талай сөз қозғадық. Жастық шағын футболға арнап, талай рекордты бағындырған тұлға. Қазіргі таңда Еуропадағы жорығын аяқтап, Саудиялық «Әл-Наср» футбол клубында доп теуіп жүр. Енді тақырыпқа оралайық. Дәл сол Криштің тұңғышы, жақында бір суретпен көзге түсті. Джорджина жеңешеміз Криштиану Жуниордың үй жұмысын орындап отырған сәтін әлеуметтік желіге жүктеп жіберіпті. Барлық өсек осы жерден басталған. Дәл сол суретте кішкентай Криш Алехандро Гарначоның жейдесін киіп алыпты. Содан кейін дүйім жұрт әкесіне емес, әкесін кумир тұтып жүрген «МЮ» ойыншысына жанкүйер екен деп гу ете қалды. 

МАНЧЕСТЕР ТАРЛАНЫ

Алехандро Гарначоның Роналдуды қалай құрметтеп, жанкүйерлік ететінін білеміз. Гол салған сәтте Криш секілді тойлап, сол секілді жасыл алаңда ойқастауға тырысады. Өзі аргентиналық болса да, португалиялық шабуылшыға жанкүйер. Өзінің сүйікті ойыншысының ізімен жүру үшін, «МЮ» командасында доп теуіп жүрген болар. Әйтпесе, 14-орында тұрған команда да ойнау қалай болар екен? Жарайды. Басты тақырыпқа көшейік. Роналдудың ұлы бұл туралы ештеңе айтпады. Ресми мәлімдеме жоқ. Бұл жәй ғана біздің ойымыз. Сәйкестік деп қарау қисынсыз болар. Үстіне киетін жейдені бір қарап алатын шығар. Джорджина бұл суретті қандай мақсатта салғаны белгісіз. Әйтсе де, көзге оттай басылған осы қызыл жейде. Сіз бұл туралы не ойлайсыз? Әлде сізді «Манчестер Юнайтедтің» болашағы толғандыра ма?

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров