Криштиану Роналду Сауд Арабия біріншілігінің 22 ойынында 32 (23+9) ұпай жинап, сұрмергендер мен гол+пас жүйесі бойынша жеке дара көш бастап тұр.
Шабуылшы соңғы рет “Аль-Ахли” командасына пенальтиден гол соғып, өзінің голдық көрсеткішін 23-ке жеткізді. Одан тағысы, португалдықтың еншісінде командаластарына берген 9 нәтижелі пасы бар.
Осылайша Рон ішкі біріншіліктің сұрмергені мен гол+пас жүйесі бойынша үздік атанған футболшы атағына лайық деп танылуда.
“Аль-Наср” Сауд Арабиясының 24-тур қорытындысы бойынша 56 ұпаймен турнирлік кестеде 2 орында келеді. Эр-Рияд қаласының ұжымы көш басындағы “Аль-Хиляльдан” 9 ұпайға қалып келеді.
Біздің серіктес: FONBET