Жарнама
Жарнама

РПЛ-де рекордтық трансфер – “ЦСКА” 50 миллион еуро жұмсамақ

29.12.2025, 20:30

Ресей Премьер лигасы тарихында бұрын-соңды болмаған рекордтық трансфер жүзеге аспақ, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Испаниялық инсайдер Рафа Асеведо Тосканоның мәліметінше, мәскеулік "ЦСКА” нағыз сенсация жасауға дайын.

Мәскеуліктер Испанияның "Леванте” клубында өнер көрсететін жас шабуылшы Карл Этт-Эйонг үшін қомақты қаржы ұсынуды жоспарлап отыр.

Егер бұл келісім жүзеге асса, "ЦСКА” Камерундық футболшы үшін 50 миллион еуро төлейді. Бұл — Ресей Премьер лигасы тарихындағы ең қымбат трансфер болмақ. Бұған дейін Ресей чемпионатының бірде-бір клубы бір ойыншы үшін мұндай деңгейдегі соманы шығармаған еді.

22 жастағы камерундық шабуылшы биылғы маусымда Ла Лигада керемет ойын үлгісін көрсетіп жүр. Ол қазірдің өзінде қарсыластар қақпасына 6 гол соғып үлгерген. Оның өнеріне тіпті "Барселонаның” өзі қызығушылық танытқаны туралы ақпараттар тараған болатын. Алайда, "ЦСК"-ның қаржылық ұсынысы Испаниялық грандтармен бәсекеге түсуге мүмкіндік бермек.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров