РПЛ-дің бірнеше клубы Әділет Садыбековке қызығушылық танытуда

15.05.2024, 15:22

«Қайрат» пен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Әділет Садыбековке Ресей премьер-лигасының өкілдері қызығушылық танытып отыр

Әділет Садыбеков Қазақстан құрамасының сапында

РПЛ-дің ортаңқол бірнеше клубы Қазақстан құрамасының футболшысы туралы ақпараттармен танысып жатыр екен. Олардың қатарында Магомед Адиев жаттықтыратын «Ахмат» командасының  болуы ықтимал. Садыбековті құрамаға шақырған да осы маман екені белгілі. Магомед Мұсаұлы «Қайраттың» намысын қорғайтын футболшының прогресі жайлы соңғы уақытта жиі айтып жүр. Сондай-ақ, М. Адиев грозныйлық клубқа Қазақстан құрамасының бірнеше ойыншысын ұсынғанын да білеміз. Ал алматылық клубтың Әділет Садыбековке қатысты позициясы әзірге белгісіз. Бір анығы, «Қайрат» құрамада ойнайтын негізгі футболшысын оңайлықпен жібермейді.

Айта кетейік, Әділет Садыбеков биылғы маусымда «Қайраттың» қатарында сегіз ойынға қатысып, бір гол салған. Сондай-ақ, осы жылы Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында Люксембургтің қақпасына нәтижелі соққы жасады.