РПЛ футболшысы болашағын «Ақтөбемен» байланыстыра алмады

08.02.2023, 00:19


27-жасар Егор Данилкин "Волга" сапын толықтырып қалуы мүмкін.

Егерде Егор командамен келісімшартқа отыратын болса, оған көптеген басымдылықтар берілетін болады. Мәселен, футболшы "Волгадан" кеткісі келсе, қарсылыққа тап болмайды. Оған жарамды келісімшарттың өзі кедергі келтірмеуі керек.

"Химкидің" бапкерлік штабы Данилкинді Түркиядағы жиынға ала бармады. Кей деректерге сенсек, қорғаушыға "Кубань" командасы қызығып отыр екен.

Еске салайық, "Ақтөбе" ФК Егорға ұсыныс жасаған болатын. Алайда, футболшы уақыт өте жалақым төленбей қалама? деген қорқынышпен жауабын жоқ депті.

Трансфермаркет футболшыны 500 мың еуроға бағалауда.