Жарнама
Жарнама

“РПЛ — шабуылшылар үшін өте ауыр лига” – Абаттың жұлдызы Ресейде неге жанбады?

25.02.2026, 17:38

Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Абат Айымбетовтің Ресейдегі сәтсіздігіне бірнеше фактор әсер етті деп есептейді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Магомед Адиев U-SPORT YouTube-арнасына берген сұхбатында Ұлттық құрама шабуылшысы Абат Айымбетовтің Ресей Премьер лигасындағы,  атап айтқанда "Крылья Советов" сапындағы кезеңіне қатысты өз ойын білдірді.

Оның айтуынша, РПЛ-де нәтиже көрсету кез келген форвард үшін үлкен сынақ және  чемпионат— физикалық күшке негізделген, қорғанысы мығым әрі тұтқыр лига.

"Бұл чемпионатта тактика мен қорғанысқа өте көп көңіл бөлінеді. Тіпті клубтар арнайы сатып алған қымбат шабуылшылардың өзі гол соға алмай, қиналып жатады. "Краснодар” немесе "Зенит” сияқты үнемі шабуылға шығатын командалар өте аз, ал қалғандары жабық футбол ойнайды. Мұндай жағдайда шабуылшыға өзін көрсету қиын." — деді Адиев.

Сонымен қатар, маман футболшының команда стиліне және бапкердің талаптарына сай келуі маңызды екенін атап өтті. Абаттың "Крылья Советов” сапындағы кезеңі Адиевтің келуінен бұрын болғандықтан, ол жағдайды сырттай бағалап, мәселенің мәнісі тек шеберлікте емес, лиганың стилінде екенін меңзеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров