23 жастағы жартылай қорғаушы Максим Гладченко ақтаулық "Каспийдің" оқу-жаттығу жиынына қатысуда, деп хабарлайды KazFootball.kz.
Тараз қаласының тумасы, ресейлік "Рубиннің" түлегі Максим Гладченко еңбек жолын 2013 жылы "Тараздың" қосалқы құрамында бастаған. Ол сондай-ақ астаналық "Бәйтеректе" және "Қайраттың" екінші құрамында ойнады.
Соңғы екі маусымды ол Оралдың "Ақжайығында" өткізді, онда 26 матчқа қатысып, 2 нәтижелі пас берді. Бірнеше апта бұрын Гладченко "Тараз" сапына қаралымға келген болатын.
Біздің серіктес: FONBET