Голландияның даңқты жартылай қорғаушы Руд Гуллит Voetbal Primeur-ге берген сұхбатында отандасы Френки де Йонгтың ойыны жайлы өз ойын ортаға салыпты.
-"Барлығы оны "Барселона" сапында жақсы ойнап жүр деп айтып-ақ жатыр. Бірақ менің бұған күмәнім бар. Расында мен де Йонг жақсы өнер көрсетуде деп айта алмаймын. Шыны керек, Френкидің деңгейі әлдеқайда жоғары. Ол допқа жақындайды да сол сәтте ғана қозғала бастайды. Содан соң не оңға, не болмаса солға пас береді. Болды. Басқа ештеңе істемейді. Мен оның әлеуетін жақсы білетін адам ретінде тағы айтамын. Жартылай қорғаушы дәл бұлай ойнамауы керек",-дейді Гуллит.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET