Жарнама
Жарнама

Руд ван Нистелрой әлемдегі ең мықты футболшылардың тізімін жариялады

25.12.2012, 01:50
Жарнама
Жарнама

Голландия ұлттық құрамасы мен «Малаганың» бұрынғы шабуылшысы Руд ван Нистелрой uefa.com сайтына «әлемдегі ең үздік 11 аяқдопшының» өз нұсқасын ұсынды. «Мен 4-3-3 кестесін пайдалана отырып, қақпада Икер Касильяс (Реал), қорғаныста Филип Лам (Бавария), Тьяго Силва (ПСЖ), Серхио Рамос (Реал), Жорди Альба (Барселона), жартылай қорғаныста Ройс (Боруссия), Хави (Барселона), Иньеста (Барселона), ал шабуылға Роналду (Реал), Фалькао (Атлетико) және Месси (Барселона). Хави – керемет футболшы. Әлемнің кез-келген командасы оны өз сапында көргісі келеді. Жорди Альба өз кезегінде футбол карьерасында алға ілгерілеп, «Валенсиядан» ұлттық құрамаға және «Барселонаға» ауысты. Ол қорғаныста да шабуылда да өте керемет ойнайды. Ал Иньеста көп жылдан бері жоғары деңгейде өз шеберлігімен көзге түсіп келеді. Оны Хавидің, Рамостың, Ламның және Касильстың деңгейімен қатар қоюға болады. Мессиге келетін болсақ, ол туралы айтатын әңгіме көп. Роналду-фантастикалық ойыншы.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров