Жарнама
Жарнама

Руди Гарсия: Қазақстан көп гол соғуға қабілетті команда

06.09.2025, 21:20

Бельгия құрамасының бас бапкері Руди Гарсия футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстанға қарсы өтетін ойын алдындағы баспасөз жиынында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Жарнама
Жарнама

— Қазақстанның Уэльспен және Солтүстік Македониямен ойындарын көрген кез келген адам олардың көбірек гол соға алатынын біледі. Бірақ біз өз алаңымызда ойнаймыз және әлем чемпионатына тағы бір қадам жасағымыз келеді. Қарсылас Лихтенштейнмен секілді емес. Ойыншыларымыздың барлығы бабында. Тек Пендерс пен Сейс қана жарақаттарына байланысты қатыспайды. Біз алты ұпайды да алып, келесі халықаралық үзіліске сенімді түрде барғымыз келеді. Қорғаныс шебі сол күйінде қала ма? Ертең көреміз, — деді Гарсия.

Еске салайық, Бельгия – Қазақстан матчы 7 қыркүйектен 8 қыркүйекке қараған түні Брюссельде өтеді. Кездесу Астана уақытымен 23:45-те басталады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: