Жарнама
Жарнама

Рунар Мар Сигурьонсон «Астанадан» кетті

09.02.2021, 01:57
«Астана» ең нәтижелі ойыншыларының бірімен қош айтысты.
Жарнама
Жарнама

Рунар Мар Сигурьонсон "Астанадан" кетіп, румыниялық "ЧФР Клуж" командасының ойыншысы атанды, деп хабарлады Айдын Қожахмет өзінің телеграм-арнасында.

Дереккөздің хабарлауынша, Сигурьонсон аталған клубқа жалдау шарты бойынша ауыспаған. "Астана" командасы мен ойыншы өзара мәміле бойынша келісімшартты бұзды.

Еске салайық, Исландия құрамасының негізгі ойыншысы атанған Сигурьонсон "Астанаға" 2019 жылы ауысып келген болатын. Елордалық клуб сапында барлығы 40 матч өткізіп, 13 гол мен 8 нәтижелі пастың авторы атанды.

Айта кетейік, "Астана" бұған дейін Алексей Щёткин, Дмитрий Шомко, Юрий Логвиненко, Иван Маевский, Урош Радакович, Пиерос Сотириумен қош айтысқан болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров