Жарнама
Жарнама

Руни - ең үздік голдың авторы

06.05.2012, 08:11
Жарнама
Жарнама
   Ағылшын премьер-лигасы сайтының ұйымдастыруымен өткен соңғы жиырма жылдағы ең үздік голға дауыс беру де өз мәресіне жетті. Миллиондаған жанкүйердің жанына ләззат сыйлаған ойындағы голдардың үздігін анықтау оңай да емес. Алайда жанкүйер қауымның ең көп дауысын жинап, соңғы жиырма жылдағы ағылшын премьер-лигасындағы ең үздік голдың авторы - «МЮ» шабуылшысы Уэйн Руни болды. Ол өзінің ең үздік голын  «Манчестер сити» командасына соққан екен. Бұл матч 2011 жылы өткен. ІІ орында 2002 жылы соққан Д.Бергкамптың голы орналасса, ІІІ орынға Т.Анридің  2000 жылы "МЮ" қақпасына соққан голы жайғасыпты.       Ағылшын премьер-лигасындағы үздік голдардың ІІІ сатысынан Т.Анридің 2000 жылы "МЮ" қақпасына соққан голы көрінді.      ІІ орында тағы да бір "Арсенал" футболшысы Д.Бергкамптың 2002 жылы  "Ньюкасл қақпасына соққан тамаша голы.    Уэйн Рунидің ең үздік голы.  
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров