Жарнама
Жарнама

Руслан Есімов кәсіби мансабына нүкте қойды

"Ертістің" 35 жастағы футболшысы "Хан-Тәңірімен" болған ойында соңғы кездесуін өткізді.

Жарнама
Жарнама

3 қазан күні өткен "Ертіс” – "Хан-Тәңірі” (7:1) ойынынан кейін қорғаушы Руслан Есімов мансабын аяқтайтынын мәлімдеді. Павлодар командасын Бірінші Лигадан Премьерге көтерілуіне сеп болған аяқдопшы өз мансабында жалпы алғанда, 195 матч өткізіп, 11 гол мен 14 голдық пас берді.

35 жастағы ойыншы "Ертістен" бөлек, “Каспий”, “Екібастұз”, “Ақсу” және “Қызылжар” клубтарында төбе көрсетті.

Айтпақшы, 2023 жылы Руслан “Ақсу” сапында жүріп, мансабын аяқтауға бел буған еді. Алайда 1 жыл өткен соң, Бірінші Лигада жүрген “Ертіс” Есімовтың футболға қайта оралуына себепкер болды. Нәтижесінде қорғаушы араға бір жыл салып, Павлодар ұжымының Премьер-лигаға шығарып, лайықты зейнетіне шықты. 

 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: