Жарнама
Жарнама

Руслан Хадаркевич: «Қазақстан бірінші орында тұруға лайық болды»

10.06.2022, 17:50
Беларусь құрамасы соңғы екі матчта да гол соға алмады.
Жарнама
Жарнама

Беларусь құрамасының қорғаушысы Руслан Хадаркевич Қазақстанмен болатын матч жайлы өз ойын ортаға салды.

- Екі матчта ұлттық құрама гол соға алмады. Бұл футболшыларға қысым түсіре ме?

- Біз үшін бұл күтпеген нәтиже болды. Словакиямен болған матчта жеңіліске ​​лайық емес едік. Екінші ойын да сәтті бола қойған жоқ, соған қарамастан бір ұпайды қоржынға салдық. Біз алға жылжып келеміз, енді жеңіске жетуіміз керек.

- Қазақстан құрамасы топта алты ұпаймен көш бастап келеді. Бұл таңқаларлық жағдай ма?

- Неліктен олай болуы керек? Олар жақсы, мықты команда. Қазір футболда біреудің деңгейі жоғары немесе төмен деген ұғым жоқ. Егер олар бірінші орында тұрса, соған лайық болды. Оларды жеңу үшін біз барымызды салуымыз керек.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров