Жарнама
Жарнама

Руслан Костышин «Ақсудың» бас бапкері атанды

19.01.2022, 16:52
Павлодарлық клубтың тізгінін украиналық маман ұстады.
Жарнама
Жарнама

«Ақсу» футбол клубы украиналық маман Руслан Костышинмен келісім-шарт жасасты.

Руслан Костышин Хмельницкий қаласындағы «Подолье» БЖСМ тәрбиеленушісі болып табылады. Киевтік «ЦСКА», «Днепр» және «Кривбасс» клубтарында өнер көрсетті. Жалпы Украина Премьер-лигасында 300-ге жуық матч өткізді.

2014 жылдың ақпан айында Ковалевка ауылынан шыққан «Колостың» бас жаттықтырушысы болды, сол кезде команда Киев облысының чемпионатында өнер көрсетті. Руслан Владимировичтің басшылығымен «Колос» бірнеше жыл ішінде әуесқойлар біріншілігінен элиталық дивизионға дейін шықты.

2020 жылдың қыркүйегінде »Колос» еурокубокте дебют жасады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров