Жарнама
Жарнама

Руслан Костышин: «Жеңіліске лайықты ойын болды деп ойламаймын»

11.04.2022, 19:31
Жарнама
Жарнама

«Ақсу» командасының бас бапкері Руслан Костышин «Ақтөбемен» болған ойынды (1:2) қорытындылады:

- Жеңіліске лайықты ойын болды деп ойламаймын. Біз жеңіс үшін ойнадық. Бірақ футболда мұндай жағдайлар болып тұрады.

- Қай ойыншыны ерекше атап өтер едіңіз?

- Жеңіліп қалдық, сондықтан ешкімді ерекшелеп атап өткім келмейді. Жеңілістің аты жеңіліс. Ол әрқашан жағымсыз эмоция сыйлайды. Барлығының көңілі түсті. Бірақ ешқандай мәселе жоқ, біз жұмысты жалғастырамыз. Байқасаңыздар, шабуыл шебінде жиырма жастағы бес футболшы ойнады. Жастар Премьер-лигада енді ғана дебют жасауда. Бұл тәжірибені олар алуы керек. Жеңіп келе жатқанда тәжірибелі ойыншылар допты көп ұстап, фол жасап жатады. Ал жас жігіттер жеңіске жетіп жатқанына қарамастан, алға қарай ұмтылады. Бұл жастардың бойындағы құмарлықтан туындайды. Олар әлі де қарқынды қалай біпқалыпты ұстауды білмейді, сондықтан әрқашан алға қарай жүгіреді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров