Атақты Нидерландтық футболшы әрі бапкер Рууд Гуллит “Челси” клубының қазіргі жағдайына алаңдаушылық білдірді. Ол клуб иесі Тодд Боэлимен кездесу кезінде болған қызық әрі ой салатын оқиғаны айтып берді.
Гуллиттің айтуынша, ол Боэлиге өзін таныстырған кезде күтпеген жауап естіген:
“Мен Боэлимен кездесіп, Сәлем, мен Рууд Гуллитпін деп қол создым. Ол болса маған қарап: Ал сіз не істейсіз? деп сұрады. Мен күлдім де, Мен футбол ойнадым, тіпті "Челсидің” ойыншысы әрі бапкері болдым дедім.”
Алайда Боэлидің жауабы Гуллитті таңғалдырған:
“Ол: Расында ма? Қашан ойнадыңыз? Клубқа не істедіңіз? деп сұрады. Ол мені мүлде танымайтынын түсіндім.”
Гуллит бұл жағдайға ренжігенін жасырмады, бірақ Боэлиді кінәламайды:
“Оған ренжудің керегі жоқ. Бірақ бұл қазіргі футболдың шындығы. Клубтың мәні, рухы, тарихы – бәрі ұмытылып барады. “Челсидің” ДНҚ-сы жоғалды.”
Рууд Гуллит – “Челсидің” тарихындағы ерекше тұлғалардың бірі. Ол клубты 1996–1998 жылдары жаттықтырып, 1997 жылы Англия кубогын жеңіп алған алғашқы шетелдік бапкер атанған.
Гуллиттің бұл сөзі қазіргі “Челсидің” жаңа дәуірін сын көзбен қарайтын жанкүйерлер арасында кең қолдау тапты. Себебі клуб соңғы жылдары жиі бапкер ауыстырып, дәстүрлі құндылықтарынан алыстап бара жатқаны жиі айтылып жүр.
Біздің серіктес: FONBET