"Ружомберок" бас бапкері: Бізде"Тобылдікіндей" бюджет жоқ

19.07.2024, 08:37

Кеше "Тобыл" Еуропа Лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі қарымта кездесуінде словакияның "Ружомберогын" қабылдап, 1:0 есебімен басым түсті.

Алайда, қос ойынның қортындысында келесі айналымға словакиялық клуб шықты (3:5). Матчтан кейін "Ружомбероктың" бас бапкері Ондржей Сметана қарсылас жайлы, ойын жайлы пікірін айтты. 

"Тобылдан"тіпті бір футболшыны да Словакияға алып кете алмаймыз, себебі кішкентай командамыз. Мұндай ойыншыларға жалақы төлейтін шама қайдан болсын. Бізде"Тобылдікіндей" бюджет жоқ. Ал егер мен бір футболшыны таңдай алатын болсам, онда ол сөзсіз, Чесноков болар еді.  

Айта кетейік, қостанайлық клуб енді жорығын Конференция Лигасында жалғастырмақ. "Тобылдың" ендігі қарсыласы швейцарияның "Санкт-Галлен" ұжымы. Жалпы, Конференция Лигасының екінші кезеңінде қостанайлықтардан бөлек тағы "Ордабасы" мен "Астана" өнер көрсетеді. Бұл кезеңнің алғашқы ойындары 25-шілдеде, жауапты кездесулер бірінші тамызға жоспарланған.