Жарнама
Жарнама

С.Черчесов: Қайдағы жоқ сұрақ қойып басымды қатырмаңдар

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Словениямен өткізген ойыннан кейін баспасөз мәслихатында журналистердің сауалына жауап бергендей болды. 

фото ашық дерек көзден алынды
Жарнама
Жарнама

Сіркесі су көтермейтін ресейлік бапкер Словениямен ойынға Максим Самародов пен Рамазан Оразовтың неліктен қатыспағанын білмек болған тілшіге

“Ондай сұрақтармен басымды қатырмай, алаңда болған футболшылар жайлы сұраңдар. Маған адамның тегі емес футболшылар керек” деп миығынан күліп жауап берді.  

Ал жалпы ойын туралы бапкер ұтылса да көңілінен шыққанын жасырмады.

Біз ақырындап болса да өз дегенімізді істеп жатырмыз. Ең құрығанда қарсыластың алаңына өтетін болдық. Мұндай мықты командаларға гол соғу үшін я жүйелі командалық ойын керек, я жеке дара футболшылардың шеберлігін пайдалану керек. Біз біріншісіне басымдық беріп отырмыз.

Айта кетейік, Станислав Черчесов Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері ретінде 4 ойын өткізіп, біздің футболшылар әлі бірде-бір гол соқпады. Ал өз қақпамызға 8 гол жіберіп алдық. Әзірге, Саламұлы ұлттық құрама бапкері ретінде жұмысын сүреңсіз бастаған жаттықтырушылардың көшін бастап тұр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров