Жарнама
Жарнама

Дастанның “Челсиге” қашан қосылатыны белгілі болды – Темірланды да өзімен бірге ала кетпек бе?

Бүгін, 13:26

"Қайрат" басшысы Қайрат Боранбаев команданың жас жұлдыздары жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Боранбаев ArchiBall YouTube-арнасына берген сұхбатында ойыншыларңа түскен ұсыныстар мен клубтың қаржылық шығындары туралы маңызды мәліметтермен бөлісті.

Темірлан Анарбековке АПЛ клубтары қызығушылық танытуда

Клуб басшысы қақпашы Темірлан Анарбековке қатысты ресми ұсыныстар күтіп отырғанын жеткізді:

"Біз Анарбеков бойынша ресми ұсыныс түседі деп үміттенеміз. Оны кімдер бақылап жүргенін жақсы білеміз. Олардың қатарында Ағылшын, Грек және Ресей Премьер лигасының өте танымал ұжымдары бар. Тіпті, Ағылшын Премьер лигасының клубы да қызығушылық танытып отыр." — деді Боранбаев.

Дастан Сәтпаев "Челсиге” қашан ауысады?

Сонымен қатар, жас талант Дастан Сәтпаевтың Лондондық "Челсиге" ауысу мерзімі де нақтыланды. Ойыншы 18 жасқа толған бойда Англияға аттанбақ.

"Дастан негізгі командамен бірге алғашқы оқу-жаттығу жиынына міндетті түрде қатысады. Бұл шамамен тамыз айына, яғни оның 18 жасқа толатын кезіне сәйкес келеді. Англия чемпионаты басталуына бір ай қалғанда ол жаңа клубының сапына қосылады." — деп түсіндірді клуб төрағасы.

"Қайраттың” бір маусымдық бюджеті қанша?

Қайрат Боранбаев клубтың бір жылдық шығындарын да жасырмады. Оның айтуынша, бөлінген қаржы тек негізгі құрамды ғана емес, бүкіл клуб жүйесін қамтиды. Жылдық бюджет 12 - 15 миллион доллар.

Боранбаев бұл соманың қазіргі таңда клубтың барлық бағыттарын сапалы дамытуға толық жеткілікті екенін атап өтті.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров