Биылғы маусымда небәрі 17 жастағы Дастан Сәтпаев барша жанкүйердің есінде қалды.
Жас талант Қазақстан Премьер лигасында 20 матчта негізгі құрамда алаңға шығып, 14 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген. Осындай көрсеткішпен ол тек өз командасының емес, бүкіл ел чемпионатының ең жарқын ойыншыларының біріне айналды.
Маусым соңында оның командасы чемпиондық атаққа қол жеткізді, ал соңғы матчта дәл сол Сәтпаевтың голы чемпиондық тағдырын шешті.
Осылайша 17 жасар Дастан Алматылық клуб тарихында алғаш қатарынан екі рет чемпиондық атаққа қол жеткізуіне зор үлес қосты.
Біздің серіктес: FONBET