Жарнама
Жарнама

Сәтпаев пен Анарбековтың ойынына Ұлыбританиялықтар жоғары баға берді

05.09.2025, 17:35

The Guardian басылымы Қазақстан құрамасының Уэльспен өткен ойынын ерекше атап өтті.

Жарнама
Жарнама

2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан – Уэльс (0:1) кездесуін талдаған басылым, қарсылас бапкері ауыр ойын күтті дейді.

"Бұл маусымда Қазақстандықтардың Чемпиондар лигасында өнер көрсететін футболшылары көбейген. Бұған "Қайраттың” Шотландиялық "Селтикті” жарыстан шығаруы әсер етті.

Алаң иелерінің сапында Алматылық клубтан төрт ойыншы болды. Олардың қатарында келесі жазда "Челсиге” ауысатын 17 жастағы Дастан Сәтпаев пен "Селтикке” қарсы пенальти сериясында қаһарманға айналған қақпашы Темірлан Анарбеков бар.

"Астана Аренада" өткен матчта Қазақстан құрамасы Уэльстен 0:1 есебімен ұтылды. Бұл ойын "Қайраттың” қақпашысы Темірлан Анарбеков үшін ұлттық құрамадағы дебюті болды.” деп жазды басылым.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров