АПЛ-дің үздік қорғаушыларының бірі, Өзбекстандық жұлдыз Абдукодир Хусанов Көкшетаулық "Оқжетпестің" парақшасында пікір қалдырды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Жақында ғана “Көкшеліктер” Өзбекстан ұлттық құрамасының 27 жастағы вингері Шохбоз Умаровпен ресми түрде келісімшартқа отырғанын жариялаған болатын. Бұл трансфер Орталық Азия футболының ең жарық жұлдызы, дәл қазір Англияның “Манчестер Сити” клубында атой салып жүрген дарынды қорғаушы Абдукодир Хусановтың жүрегін тебірентпей қоймады.
"Omad oka – Сәттілік, бауырым”
Көкшетаулық клубтың баспасөз қызметі Умаровты таныстыру постын әлеуметтік желіге жүктеген сәтте, оның астына алғашқылардың бірі болып “Манчестер Ситидің” жұлдызы Хусановтың өзі келіп, отандасына ашық қолдау көрсетті.
Ағылшын клубының намысын қорғайтын қорғаушы Қазақстандық команданың парақшасында бауырмалдық танытып: “Сәттілік, бауырым” деген қысқа да нұсқа жылы сөз жазып, арнайы эможи қалдырған.
Шетелде жүрсе де отандасының ҚПЛ-ге ауысуын жіті бақылап отырған Хусановтың бұл әрекеті олардың арасындағы шынайы достық пен құрметтің белгісі екені сөзсіз.
Біздің серіктес: FONBET