Жарнама
Жарнама

“Сабах” командасы ел Кубогынде “Имишли” клубынан басым түсті

1/8 финалдық ойынның тағдыры негізгі уақытта шешілмеді.

Жарнама
Жарнама

Гейдар Алиев атындағы “Имишли” стадионында болған ойында голдар екінші таймда соғылды. Бірінші болып, 59 минутта “Сабах” сапынан Джой Миккельс гол соқты. Алайда алаң иелері 89 минутта пенальти тебу мүмкіндігіне ие болды. Нүктеге келген Алиев отандасымыз Стас Покатиловтан айласын асырып, ойынды экстра-таймға дейін созды. Бірақ “Сабах” деңгейінің жоғары екенін дәлелдеп, ямайкалық Паррис Кахимнің арқасында жеңіске жетті. 

Покатилов командасы осыдан бес күн бұрын дәл осы “Имишлиді” Әзербайжан чемпионатында 3:0 есебімен жеңген болатын. Аталған кездесуде де Паррис Кахим нәтижелі әрекетімен көзге түскен еді.

Кубоктың 1/4 финалында “Сабах” Карабах - “Карван”, “Шамахы” - “Баку” Спортинг жұптарының жеңімпазымен бақ сынасады. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: