Жарнама
Жарнама

Садио бастаған Сенегал сенсация жасамақшы

Сенегал құрамасы осы Әлем чемпионатында сенсация жасауы ықтимал құрамалардың бірі және бірегейі.
Жарнама
Жарнама

Сенегал Африка құрлығындағы алғашқы іріктеу кезеңінен еш сүрінбеді. 4 командадан тұратын топта бірінші орын алды. Негізгі бәсекелесі Того құрамасы еді. Екінші турда тогоны жеңген соң Намибия мен Конго құрамасын да ұтып, 3 ойында 9 ұпай жинады. Ал қалған 3 ойында Сенегалға 2 ұпай жинаса да жеткілікті еді. Нәтижесінде Садио Мане бастаған құрама 16 ұпай жинады. Осылайша плэй-офф кезеңіне шықты. Мұнда жеребе бойынша Сенегалды Мохамед Салах бастаған Мысыр құрамасы күтіп тұрды. Каир қаласындағы алғашқы ойында Сенегал құрамасы өз қақпасына гол салып алды. 0:1 есебімен жеңіліп, жауапты ойынға дайындалды. Бұл ойынның басында тағы да автогол тіркелді. Бұл жолы Мысыр құрамасы өз қақпасына байқаусызда гол салып алды. Екі матчтың жалпы нәтижесі 1:1 болып теңескен соң, төреші ойын соңынан кейінгі пенальтилер сериясын белгіледі. Садио Мане алғашқы пенальтиді дәл орындап командасына сенімділік берді. Ал Египет құрамасының ойыншыларының тек біреуі ғана пеналтиді голға айналдырды. Тіпті, Мұхамед Салахтың өзі гол сала алмады.

Сонымен Сенегал құрамасы Әлем чемпионатына үшінші мәрте қатысатын болды. 2002 жылы алғаш рет қатысқан кезде бұл команда ширек финалға дейін жетті. Кейіннен 2018 жылғы мундиальға шықты. Бірақ, ол кезде «қара маржандар» топтық кезеңнен ары аса алмады. Ал дәл осы жолғы құрамада көптеген жаөсы өзгерістер бар. Алиу Сиссе баптайтын Сенегалдың ойыншылары өсіп, деңгейлерін жетілдірген. Мысалы, қақпашы Эдуар Менди осы күндері «Челсидің» мықты қақпашыларының бірі. Қорғаныста ірі денелі Калиду Кулибали мен ПСЖ сапында жүрген Абду Диало бар. «Баварияда» жүрген Боно Сарр мен «Миландағы» Фоде Балло-Турені қоса кетіңіз. Жартылай қорғаныста осал емес. Идрисса Гана Гейені танымайтын футбол фанаты жоқ шығар. Исмайлла Сарр мен Шейху Куяте екеуі Ағылшын премьер-лигасының жұлдыздары.

Ал команда көшбасышысы Садио Мане жайлы әңгіме бөлек. Оның бастапқы ойындарда соққан 3 голы Сенегалдың топтағы бірінші орынды алуға сор септігін тигізді. Жазда «Ливерпуль» сапынан «Баварияға» ауысқан Садио жаңа командасында да осал ойнап жүрген жоқ. 14 ойында 6 гол салып, Чемпиондар лигасында да көзге түсті. Сенегал құрамасының шабуылы дәл осы Садионың аяғына қарап тұр. Ол ұлттық құрамаға келгенде әріптестеріне ақыл айтып, командалық рухты жоғары ұстауға шақырады. Көптеген трофей жеңген Мане ұжымдық ойынның мәнін білетін бірден бір тұлға.

Жалпы алғанда Садио Мане футболдан бөлек те іс-әрекеттерімен көзге түсіп жүрген азамат. Өзінің туған ауылы Бомбалиге мектеп, аурухана, футбол алаңын салып берді. Су жаңа аурухананың құрылысы 250 мың еуроға бағаланды. Одан бөлек Мане ауыл тұрғындарына ай сайын 70 фунттан жәрдемақы төлейді. Жергілікті футбол мектебінің жейделері мен спорттық керек-жарақтары түгел Садионының мойнында. Мңне, осындай арда азаматтың ауылдасы болғаныңа қалай мақтанбайсың. Күллі Сенегал қазір Маненің тілеуін тілеп отырғаны жасырын емес. Футболды аяқтағаннан кейін Мане Дрогба секілді президенттік сайлауға қатысса да болатындай.

Енді Сенегал құрамасының жолдастық ойындарына тоқтала кетейік. Қыркүйек айының соңында олар Боливия құрамасымен кездесті. Бірінші таймда Булайе Диа мен Садио Мане бір-бірден гол салды. Екінші таймда таблодағы көрсеткіш еш өзгермеді. Сенімді жеңістен соң Сенегал Иран құрамасымен кездесті. Иран командасы өз қақпасына гол салып алған соң Сердар Азмунның арқасында таразы басын теңестірді. Есеп 1:1 тең аяқталды. Енді осы матчтардан соң Афириканың серкесіне баланған сенегалдықтар Әлем чемпионатын 21 қараша күні Нидерланды құрамасына қарсы ойнап бастайды. Араға 4 күн салып алаң иелері Қатар құрамасымен кездесуі тиіс. Ал соңғы үшінші ойын Эквадор құрамасына қарсы өтеді. Мамандар пікірі бойынша Сенегал кем дегенде екінші орын иемденіп плэй-офф сатысына жолдама алуы тиіс. Сонау 2002 жылғы мундиальді еске алып, Сенегал құрамасы сенсация жасауға белді бекем буып келіп отыр десек те артық емес. 


Жарнама
Жарнама

Новости партнеров