Жарнама
Жарнама

Садио Мане «Бавария» ойыншысы атанды

22.06.2022, 23:13
Сенегалдық шабуылшы үш жылдық келісім-шартқа қол қойды.
Жарнама
Жарнама

«Бавария» клубы «Ливерпульдің» шабуылшысы Садио Манені сатып алғанын хабарлады. 30 жастағы футболшымен келісім-шарт 2025 жылдың 30 маусымына дейін жасалған.

Бұған дейін мюнхендік клубтың сенегалдық футболшы үшін бонустарды есептемегенде 32 миллион еуро төлейтіні белгілі болған еді.

«Мен «Баварияға» келгеніме өте қуаныштымын. Біз ұзақ уақыт бойы келіссөздер жүргіздік және басында-ақ бұл клубтың маған деген үлкен қызығушылығын сезіндім. Сондықтан, бастапқыда менде ешқандай күмән болған жоқ. Жаңа сынақты қабылдайтын уақыттың келгенін сездім. Мен бұл клубпен көптеген жетістіктерге қол жеткізгім келеді. «Зальцбургте» болған кезімде «Баварияның» матчтарын бақылап отыратынмын - маған бұл клуб қатты ұнайды», - деді Мане.

Садио «Ливерпуль» сапында 2016 жылдың шілдесінен бері өнер көрсетті. Өткен маусымда 51 матчқа қатысып, 23 гол мен 5 нәтижелі пастың авторы атанды.

Мерсисайдтық клубпен бірге Мане Англия чемпионы, ел кубогі мен суперкубогінің иегері атанды. Сондай-ақ Чемпиондар лигасы мен УЕФА суперкубогін жеңіп алды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров