«Ливерпуль» клубының шабуылшысы Садио Мане Сенегал құрамасының тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды.
Бенин құрамасымен өткен ойында (3:1) сенегалдық футболшы хет-трик жасады. Осылайша, Мане Сенегал жейдесінде соққан голдар санын 32-ге жеткізіп, Анри Камараның рекордын жаңартты (29 гол).
Бұған дейін 30 жастағы футболшының «Бавариямен» үш жылдық келісім-шартқа отыратыны туралы ақпарат пайда болған еді. Мюнхендік клуб «Ливерпульмен» трансфер сомасын нақтылау керек.
«Ливерпуль» - мен қатты құрметтейтін клуб. Жанкүйерлер мені бірінші күннен-ақ жақсы қабылдады. Болашағым туралы мәселені уақыттың еншісіне қалдырайық», - деді Мане Daily Mail порталына берген сұхбатында.
30 жастағы Садио «Ливерпульге» «Саутгемптоннан» 2016 жылы ауысып келді. Содан бері шабуылшы 268 матчта 120 гол соғып, 48 нәтижелі пас берді. Мане мен «Ливерпуль» арасындағы келісім-шарт мерзімі келесі маусымның соңында аяқталады.
Біздің серіктес: FONBET